Қазақстанда 2025 жылы декреттегі аналар жұмысқа шықса төлем қалай жасалады
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова декреттегі аналар жұмысқа шықса төлем жасау тәртібі қалай болатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Журналистер Дүйсеновадан дектерттегі аналар жұмысқа шықса, неліктен сәбиге берілетін төлемнің тоқтайтынын сұрады. Министр төлем рәсімі қолданыстағы заңнамамен реттелетінін жеткізді.
"Егер ата-ана (анасы немесе әкесі) үйде бала күтімімен отырса және бұрынғыдай табысы болмаса, онда ата-анасына жалақысының 40 пайызы өтеледі. Егер ата-ана жұмысқа шығып, жалақы ала бастаса, бұл жағдайда заңнамаға сәйкес кірісті жоғалтуға байланысты беріліп келген төлемдер тоқтатылады. Дегенмен бізде балаларға арналған басқа да жәрдемақылар бар. Егер бұл көпбалалы отбасы болса, онда төлемдер тоқтамайды", – деп түсіндірді Дүйсенова.
Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары жұмыс істейтін ата-аналарға мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары бар екенін жеткізді.
"Біріншіден, егер ата-аналар аз қамтылған отбасы болса, оларға мемлекет қажет нәрсенің бәрін төлейді. Біз сондай-ақ жұмыс істейтін ата-аналарды басқа көздерден: жергілікті бюджеттен, тіпті республикалық бюджеттен, олар кірістерін жоғалтпаса да, қосымша алатын жәрдемақылардың басқа түрлері бойынша қолдаймыз. Бұл жәрдемақы тоқтатылса, мемлекеттік қолдау да тоқтатылды деген емес. Бұл басқа бағдарламалар бойынша жүріп жатыр", – деді Тамара Дүйсенова.