Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда міндетті декларацияны кімдер тапсыруы керек

Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дина Құсайынқызы декларация тапсырудан босатылған қазақстандықтардың санаттарын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Дина Құсайынқызының айтуынша, төменде аталған Қазақстан азаматтары декларация тапсырудан босатылады.

“Қазақстаннан тыс жерде жылжымайтын мүлкі мен көлігі, шетел банктеріндегі банктік шоттарында 1000 АЕК көлемінде ақшасы жоқ Қазақстан азаматтары активтері мен міндеттемелері туралы кіріс декларациясын тапсырудан және декларациялаудан босатылады”, – деді Дина Құсайынқызы.

Сондай-ақ ол декларация тапсыратындарды да атап өтті. Басқарма басшысы биыл АЕК мөлшері 3 692 теңгеге тең екенін атап өтті. Яғни, шетелде 3,7 миллион теңгеден аса ақшасы бар Қазақстан азаматтарының декларация тапсыруға міндетті екенін айтты.

“Шетелде инвестициялық бағалы металдар, шетелдік компанияларда үлесі болса, тұрғын үй құрылысына қатысты үлесі болса, бағалы қағаздары, туынды қаржы құралдары, брокерлік шоттарында ақшасы, зияткерлік меншігі, авторлық құқық пен цифрлық активтері, парламенттік кредиторлық берешегі, құны 1000 АЕК-ден асатын мүлкі бар кез келген адам кіріс декларациясын тапсыруы қажет. Қалғандары декларациядан босатылады”, – деді мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.



Бұған дейін қазақстандықтардың келесі жылы жалпыға бірдей декларациядан босатылатыны туралы жазған едік.

Талқылау