Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ChatGPT-ді мемлекеттік қызметте қолдануға рұқсат берілді

министрФото: pixabay.com

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс барысында ChatGPT-ді қолдануға рұқсат етілді, алайда қызметтік немесе құпия ақпаратты жариялауға қатаң тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, мұндай жүйелерді пайдалануға тікелей тыйым жоқ, олар көршімен сөйлескендей қоғамдық кеңістікпен теңестіріледі.

"Яғни сіз GPT-ге “құпия” немесе “қызметтік” грифі бар құжаттарды бере алмайсыз. Сол сияқты жабық сипаттағы ойларды да бөлісуге болмайды. Ал күнделікті жұмыс барысындағы қарапайым тапсырмаларды орындау үшін қолдануға болады", – деді Смышляева.

Депутаттың айтуынша, құпия ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы жергілікті жасанды интеллект жүйелері әзірленіп жатыр. Олар интернетке қосылмайды. Тек қазақстандық деректер негізінде жұмыс істейді. Және толық қорғалған болады. Мұндай жүйелер қауіпсіз сараптама жүргізу үшін жасалып жатыр.

Егер біреу құпия немесе қызметтік деректерді сыртқа таратса, ол “WhatsApp арқылы дерек тарату” немесе “құжаттарды заңсыз шығару” секілді жағдайлармен теңестіріліп, жаза қолданылады.

Смышляева атап өткендей, қорғалған мессенджерлер мен ұлттық цифрлық жүйелер енгізілген соң мұндай ақпараттық ағындар мәселесі айтарлықтай азаяды.

Айта кетейік, бұған дейін cенатта "Жасанды интеллект туралы" заң жобасы және оған ілеспе түзетулер қаралды. Заңда кейбір құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылды

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 13:12
Талқылау