Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бюджеттің 133 миллиард теңгесі тиімсіз жұмсалған – Жоғары аудиторлық палата 

Әлихан Смайылов бюджет қаржысыФото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанда аудиторлар 133 миллиард теңге бюджеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалғанын анықтады. Мемлекеттік қолдау тиімділігі төмен, кей жобада өндіріс іске қосылмағанымен, салық түсімдері кәсіпкердің бұрынғы қызметінен өсіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлихан Смайылов бүгін мәжілісте сөйлеген сөзінде анықталған бұзушылықтар туралы хабарлады.

"Жалпы, бюджеттік қаражатты жоспарлау мен пайдалану кезінде 133 миллиард теңге тиімдісіз жұмсалған, 132 миллиард теңге қаржылық есептіліктің бұрмалануы және 13 миллиард теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды", – деді Жоғары аудиторлық палатасының басшысы.

Әлихан  Смайыловтың айтуынша, 14 материал құқық қорғау органдарына жолданады, ал 105 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберіледі.

"Қаржылық қолдау шаралары бойынша төленген салықтардың өсуі жобалардың 64%-ында қамтамасыз етілген. Бірақ бәрінде емес — қолдау шараларын көрсету есебінен", – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Оның мәліметінше, бизнеске мемлекеттік қолдаудың тиімділігі әлі де төмен. Жалпы, 1 теңге мемлекеттік қолдауға негізінен 1 теңгеден аз салық төлемі сәйкес келеді.

"Белгілі жобалар бар, онда жарияланған өндіріс іске қосылмаған, жабдықтар әлі де қаптамасында тұр, бірақ төленген салық көлемі қолдау шаралары алынғанға дейін кәсіпкердің өз қызметі есебінен өсіп отыр", – деп қосты ол.



Еске салайық, бұған дейін жоғары аудиторлық палата "Самұрық-Қазына" қоры мен оның компанияларынан көптеген кемшілік тапты. Трансформация бағдарламасы жоспарланған нәтиже бермеген, корпоративтік басқару әлсіз, стратегиялық құжаттар сапасыз. Ақпараттық жүйелер толық жұмыс істемейді, кей есептер қолмен жүргізіледі. Қор құрылымы шамадан тыс күрделі, ондаған компания шығынға жұмыс істеген. 2020–2024 жылдары инвестжобалардың аз бөлігі ғана аяқталған. Аудит тексерісінен кейін 351,8 миллион теңге қаржылық бұзушылық, 122,2 миллиард теңге тиімсіз шығын анықталып, көптеген материалдар бақылау және құқық қорғау органдарына жіберілді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 24 Желтоқсан, 2025 14:13