Қазақстанда бұрынғы полицейлер мен судьялар мектептерде мұғалім болып жұмыс істемек

Фото: shutterstock.com
Оқу-ағарту министрлігі педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына толықтыру енгізу туралы жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеген, сондай-ақ басқа да мамандықтар бойынша білімі бар және педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдарға білім беру ұйымдарына "Құқық негіздері" пәнінің мұғалімі және педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымына орналасуға мүмкіндік береді", – делінген құжат жобасында.
Құжаттың жобасы 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен