"50 мың теңге бір күнге де жетпейді”: Қазақстандықтар ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсіп жатқанын айтты
Фото: Stan.kz
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі кейінгі бір ай ішінде 2 пайызға артып, 54 408 теңгеге жеткен. Сарапшылар бұл қаражат азық-түлікті айпағанда, комуналдық қызмет пен жолпұлға жетпейтінін айтып, тұтыну себетін ең төменгі жалақы деңгейінде белгілеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Деректерге сүйенсек, қазір бір миллионға жуық отандасымыздың айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді екен. Ал, бұл сома кейінгі бір ай ішінде екі пайызға өсіп, 55 мың теңгені құраған. Кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан кісі осы ақшаға азық-түлік алып, коммуналдық қызметтің ақысын жолпұлын төлеуі керек.
Тұрғындар баға күнен-күнге қымбаттап жатқан кезеңде 50 мың теңге түгілі, 350 мың да аздық ететінін айтады.
“400 мың теңгенің өзін жеткізу қиын. Басқасын айтпағанда еттің өзі келісі 3 мыңнан басталады. 50 мың теңге тіпті бір күнге де жетпейді”, “Тамақтан басқа не аласың оған”, “190 мың теңге айлығым ештеңеге жетпейді”, – деді жұртшылық.
Сарапшылар ең төменгі табыс орташа айлық жалақының 3/1 бөлігін құрауға тиіс екенін алға тартты. Ал тұтыну себеті сол төменгі жалақы деңгейінде кемі 130 мың теңгеге белгіленуі керек екен.
“Біз тіпті бір адамға жалақыны 85 мың теңге қояды екенбіз де, ал бір адамның өмір сүруіне жеткілікті деп 50 мың теңгенің маңайында шығындарды жоспарлайды екенбіз. Ол қисынға да келмейді. Сол үшінде ең кем дегенде ең төменгі жалақының дәрежесіне жеткізетін болсақ, ол әрине бюджетке қосымша шығындар әкеледі. Бірақ өз кезегінде ол азаматтардың бір айға қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жеткізуге болады”, – деді экономист Бауыржан Ысқақов.
Сондай-ақ, сарапшы еліміздегі тұтыну себеті әлемдік талаптарға сай емес екенін алға тартты. Өйткені, қоржынға кіретін тауарлар мен қызметтер саны тым аз. Сәйкесінше, төменгі күнкөріс көрсеткіші де көтерілмей отыр. Сондықтан себетке адамға қажетті деген азық-түліктер мен өзге де қызмет түрлерін қосуды ұсынды.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
