Қазақстанда бензин қымбаттады: Сарапшылардың пікірі
Ел бойынша бинзин бағасы өсті. Халық сұранысына ие Аи-92-нің литрі 182 теңге, ал кей өңірлерде 187-ден саудаланып жатыр. Сарапшылар бензин бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Энергетика министрлігі алдағы 6 айға шекті бағаны бекітіп берді. Жауаптылар құбылған нарықты осылай реттемекші.
Бас қаладағы жанар май құю бекеттері таңмен таласа бағаларын өзгертіп үлгерген. Аи-92 – 182 теңге, ал Аи-95-ті 212 теңгеден сатып жатыр. Логистикалық шығындарға байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 бензинінің шекті бағасы 187 теңге деп белгіленген.
Төмен баға жалғаса берсе жанар-жағармайдан тапшылық көруміз мүмкін дейді. Үкімет бағаны бақылаудан шығарса, қуырдақтың көкесі бола ма деген қорқыныштарын да жасырмайды.
“Әрине бағаны ұстап тұру маңызды. Алайда төмен баға, сыртқы елдердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Сондықтан тапшылық туындауы мүмкін. Бірақ Президенттің бұл бағытта берген тапсырмалары сөзсіз орындайтын болса, мұндай мәселе болмайды деп ойлаймын”, – дейді сарапшы Олжас Байгелдинов.
“Негізінде нарықтық экономикада қолдан олай ұстап тұруға болмайды. Егер оны қайта-қайта ұзарта берсе ол алдағы уақытқа қойылған мина болуы мүмкін да. Ол жарылады”, – дейді экономист Мақсат Халық.
Доллардың да бағасы көтерілді. Соңғы рет рекордтық көрсеткіш мамыр айының орта тұсында болған еді. Шетел валютасы бірден 500 теңге бірақ шықты. Артынша Ұлттық банк интервенция жасап, сәл болса да түсірді. Алайда, бұл да шешім болмай тұр. Экономист Мақсат Халық теңгенің құнсыздануына қатысы нақты факторларды атады.
“Американың федеральді резервтер жүйесі яғни орталық банкі доллардың кілттік пайыздық мөлшерлемесін көтеріп келе жатыр. Ақырын-ақырын, бірте-бірте негізі наурыз айында бастаған, бірақ маусым айында 0,75 пайыздық базалық пунктіге бірден көтерді. Яғни қазір 1,75 болып тұр. Енді осы шілде айында тағы да 0,75 пунктіге өсіреді деп тұр”, – дейді экономист Мақсат Халық.
Одан бөлек жазғы демалыста шетел валютасына деген сұраныстың артуы да бағаға әсер еткен. Мамандар доллар бағамы мұнымен тоқтамайтынын айтты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
