Қазақстанда балабақшалар карантинге жабыла ма: Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова балабақшалардағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Манара Адамованың айтуынша, қазір Қазақстандағы балабақшаларда карантин шаралары енгізілмеген. Алайда олар вирустық инфекцияның таралуына байланысты ел аумағында жаппай немесе белгілі бір өңірде жеке тәртіпте қабылдануы мүмкін.
“Мұндай жағдайда денсаулық сақтау министрлігінің қаулысын күтеміз. Егер жағдай жергілікті деңгейде орын алса, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер өз қаулыларын жергілікті атқарушы органдарға жолдайды. Соған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда тиісті шаралар қабылданады. Қазір жағдай тұрақты. Егер кейбір балабақшаларда топтар карантинге жабылса, бұл тек жеке топтарға қатысты, ал жалпы барлық ұйымдар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр”, – деді департамент басшысы.
Өскеменде ЖРВИ өршуіне байланысты перзентханаларда карантин ережелері енгізілді
Енді көпбалалы отбасылар тегін мемлекеттік балабақшадан қағылады
Манара Адамованың айтуынша, балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істеп жатқандықтан, барлық жаңа жылдық ертеңгіліктер де жоспар бойынша өткізіледі.
Еске салсақ, бұған дейін бас санитар дәрігер оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқуға көшетінін айтқан еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді