Қазақстанда астрофизик ғалымдарды дәл кәсіби мерекесі күні жұмыстан шығарған: Мекеме жағдайға түсініктеме берді
Алматыдағы Фесенкова атындағы Астрофизика институтының Ай және планеталар физикасы зертханасының қызметкерлерін өздерінің мерекелері Ғылым қызметкерлері күні жұмыстан шығарып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ғалымдардың жұмыс орындарынан айырылғаны туралы желіде зертхана басшысы Виктор Тейфель жазды. Сонымен қатар, жұмыстан босатудың себепсі айтылмаған.
"Өкінішке орай, жайсыз жаңалықты айтпақпын. Біздің зертхана, оның жетекшісі және қызметкерлері үшін бүгін "Помпейдің соңғы күні". Ертеңнен бастап біз институттан мүлдем күтпеген жерден және нақты себептерді түсіндірмей босатыламыз", – деді ол.
Биыл Ай мен планета физикасы зертханасы өзінің 55 жылдығын атап өтуі керек болған.
"Ол осы жылдар ішінде өзінің мәртебесін және зерттеудің негізгі бағытын сақтап қалды. Шетелдік әріптестеріміз атап өткендей, біз бұл жерде ізашар болдық. Ал қазір бұл бағыт базалық іргелі зерттеулер бағдарламасы аясында сақталып отыр", – деп қосты профессор.
Жұмыстан босату жағдайын Астрофизика институтында түсіндіруге тырысты.
"Бүгінгі таңда зертхананың ең жас ғылыми қызметкерінің жасы 76 жасты құрайды. Ал В.Г. Тейфельдің өзі биыл 92 жылдығын атап өтті. Денсаулығының нашарлауына байланысты ол көру қабілетінен айырылды және өздігінен қозғалу мүмкіндігін жоғалтты", – деді институттың баспасөз хабарламасында.
Құжатта зертханада ғылыми сабақтастық механизмі жоқ, ал жұмыстан шығарылған қызметкерлер зейнеткерлік жасқа жетті делінген. Ал Виктор Тейфель мекемеде 1974 жылдан бастап өз бөлімшесін басқарып келген екен. Яғни, ескі қызметкерлер демалысқа жіберілуі керек.
"Өкінішке орай, зертхана құрамында жастардың болмауы мәселесі ұзаққа созылған және соңғы 20 жыл ішінде шешілмеген. Бұл ғылыми сабақтастық механизмінің толық жоғалуын көрсетеді. Институттың басқа зертханаларынан айырмашылығы жас мамандардың есебінен құрамның жүйелі жаңаруы байқалмайды", – делінген хабарламада.
Еңбек сіңірген ғалымдардың "ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті дамыту мақсатында" жұмыстан шығарылғанын аталды. Мекеме зертхананың қызметкерлерін жұмыстан шығару туралы алдын-ала хабарламай, бұл туралы кәсіби мереке күні айтқан.
Астрофизикалық институтты Василий Григорьевич Фесенков 1941 жылы Алматыда астрономдарды эвакуациялағаннан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде құрылып, кейіннен оның атын алды.
Мекеме Қазақстандағы астрономия және астрофизика саласындағы іргелі зерттеулер жөніндегі жетекші ғылыми ұйым болып саналады. Физика-математика ғылымдарының докторы Виктор Тейфель оның негізгі қызметкерлерінің бірі.