Қазақстанда Арменияда әкелінген көліктерді тіркеу ережелері жарияланды
ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев армениялық нөмірлі көліктерді тіркеу туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа ережелер 1 маусымнан бастап іске қосылады.
Атап айтатын болсақ, Армениядан Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктер А сериялы сары түсті нөмірлерге ие болады. Бұған қоса автокөлік нөмірінде тіркелген өңірдің коды көрсетіледі.
Темір тұлпарды тіркеуге мына құжаттар қажет:
жеке куәлік;
мемлекеттік салық пен мемлекеттік тіркеуден өту үшін жасалған төлемнің түбіртегі;
көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері.
Сондай-ақ 1 ақпанға дейін Армения мемлекетінен алып келінген сол жақ рөлді көліктерді тіркеген кезде құжатта "басқа адамға тіркеуге болмайды" деп жазылады екен.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге рұқсат берілгені айтылған еді.
Талқылау

Алматы облысында жасөспірімдер неге зорлықпен қаза табуда: Жаға ұстатқан оқиғалар хроникасы
Біреуі белгісіз жағдайда көз жұмып, біреуі сарайда асылып қалған: Жасөспірімдердің өліміне кім күдікті

Шымкентте жекеменшік балабақшада күтуші баланы тепкілеп, бетінен сызғышпен ұрған
Күтуші баланы екі сағат бойы сызғышпен бетінен ұрған