Қазақстанда апат салдарынан жарықсыз қалған алты аймақта электр энергиясы қалпына келтірілді
13 ақпанда 6 облыста жарықтың сөнуіне алып келген апаттан кейін жөндеу жұмысы жүргізіліп, электр энергиясы қалпына келтірілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше апаттан кейін жұмыстар аяқталып, 16:45-те Екібастұз-Ағадыр ӘЖ-500 кВ Л-5170 стансасы іске қосылған. Электр желісінің ажырауына В фазасының №1111 тірегінде гирлянд үзіліп қалуы себеп болған.
Бүгін таңертең электр желісінде болған апат салдарынан Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында тұтынушылардың шамамен 10% жарықсыз қалды.
"KEGOC" АҚ электр желілерінің апатқа қарсы автоматикасы штаттық режимде жұмыс істеп, соның арқасында Қазақстанның оңтүстігі мен орталық өңірінде тұтынушылардың толықтай жарықсыз қалуының алдын алғанын мәлімдеді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін