Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әншілердің фонограммамен концерт беруіне тыйым салынуы мүмкін

Қазақстандағы концерттерде фонограмманы қолдану тәртібіне өзгерістер енгізу туралы бүгін сенатор Сәрсенбай Еңсегенов ұсыныс жасады.

1382392

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Тұрғындармен кездесу кезінде концерттердегі фонограмма туралы мәселе көтерілді. Біз әнші емеспіз, бірқатар жәйттерді түсінуіміз керек. Бірақ, мысалы Түркіменстанда фонограммаға тыйым салынған Концертке келген әртіс қызметін сатады. Ал тыңдарман – тұтынушы. Ол ақша төлеп келіп отыр. Тұтынушы сапалы қызметті тұтынуы тиіс”, – деді Еңсегенов парламентке мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының келгенін пайдаланып.

Дептутат, концертке барып фонограмма тыңдаудың әнді таспадан тыңдай салғаннан айырмашылығы жоқ деп бағалады.

“Біз концертке әртісті көру үшін емес, оның дауысын есту үшін барамыз. Не үшін керек бізге фонограмма? Құрылғылар, аппарат жетіспейді дейді. Бірақ, бір кездері біздің әншілер жанды дауыспен де концерт берді ғой. Демек, бұл мәселені шешу керек. Сол себепті заңға өзгеріс енгізіңіздер”, – деді депутат.

Оқи отырыңыз:

Сиви Махмуди соқыр қызды сомдау үшін, зағип қыздан сабақ алды

Мұхаммед Әлидің қызы Димаштың жанкүйері болып шықты

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа “Ұмытылмас күн” әнін шырқап берді (видео)

Жазира Байырбекованың анасы: Жазира бірде ағасының басын темірмен ұрып, жарып қойған (фото)

Талқылау