Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда аноним Telegram-арналарының иелері өздері туралы ақпаратты ашық көрсетуге міндеттелмек

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда аноним Telegram-арналарының иелері өздері туралы ақпаратты ашық көрсетуге міндеттелмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі жарнама және онлайн платформалар туралы заңдарға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын жариялады. Бастамаға сәйкес, 5 000-нан астам жазылушысы бар аноним Telegram-арналарының иелері өзінің жеке басы туралы ақпаратты ашық көрсетуге міндеттеледі.

Өзгерістер заңға қайшы контентке қатысты жауапкершілікті де күшейтеді. Сондай-ақ онлайн платформалар мен байланыс операторлары кибербуллинг, жала жабу және қорлау секілді тыйым салынған ақпараттарды шектеуге міндеттеледі.


Қазақстанда "Дайвинчик танысу" Telegram арнасы бұғатталмақ

Қазақстандық WhatsApp-тағы видеосы үшін 650 мың теңге төлеуге міндеттелді


Үлкен аудиториясы бар есімсіз (аноним) пайдаланушылар үшін арнайы тізім жасалып, ондағы деректер мемлекеттік органдарға ұсынылады.

Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды, 29 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік желілерде бейәдеп сөз жазатындар мен анонимді Telegram-арналардың иелерін жазалау ұсынылған еді. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 04 Желтоқсан, 2025 21:22