Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алқабилер енді судьялардың ықпалынсыз шешім қабылдайды

Қазақстанда соттағы алқабилер институты реформаланбақ. Мәжіліс қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріндегі өзгерістер мен толықтырулар жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Mavink

Түзетулерге сәйкес, 11 алқаби судьяның қатысуынсыз кеңесу бөлмесінде шешім қабылдайды, содан кейін судьяға өз отырысының дайын хаттамасын ұсынады. Сол бойынша судья шешім қабылдауы керек.

"Норма азаматтардың құқықтарын қорғау басымдығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр", – делінген ведомство хабарламасында.



Қазір Қазақстандағы сот алқасы 10 алқабиден және алқабилердің талқылауына қатысатын судьядан тұрады.

Түзетулер Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам" атты жолдауындағы тапсырмасына сәйкес әзірленді. Сонымен қатар мемлекет басшысы сот процестеріне мемлекеттің қатысуын азайту және сот төрелігін жүзеге асырудың жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін сот Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандырған еді.

Талқылау