Қазақстанда алимент бойынша қарызы барларға құмар ойын ойнауға тыйым салынып жатыр
Қазақстанда алимент бойынша қарызы барларға құмар ойын ойнауға тыйым салынып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Қазақстанда қазір балаларына 350 миллион теңге алимент берешегі бар, құмар ойынға тәуелді 150 адам тұрады. Олар берешектері бола тұра казино ойнауды, бәстігуді жалғастыруда.
Прокуратура құмар ойнауғақатысты шектеулер енгізе бастады. Бұл тыйымдар шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Ойын бизнесі туралы" заңмен реттеледі. Заң 9 қыркүйекте күшіне енді.
Енді борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған қазақстандықтар казино ойнай алмайды, спорттық бәс тіге алмайды.
"Балаларының алдында 350 млн теңге қарызы бар 150 борышкер құмар ойын ойнағаны анықталды. Осылайша, букмекерлік кеңсе арқылы 2,5 миллион теңге қарызы бар борышкердің бірі 80 миллион теңгелік айналымымен құмар ойындарға бас тіккен", — деп хабарлады бас прокуратура.
Прокуратураның араласуынан кейін алимент төлейтін 150 адамға құмар ойындарын ойнауға тыйым салынды.
"Елорданың прокуратурасы ойын бизнесін ұйымдастырушыларды борышкерлерді құмар ойындарға қатысуға жол бермеуге шақырады. Заң талаптарын орындамағаны үшін айыппұл, ал қайталап бұзғаны үшін лицензияның қолданылуын тоқтату жазасы қарастырылған", – деп қорқытты департаменттегілер.
Жаңа заң мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметкерлерге, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдардың басшыларына құмар ойындармен айналысуға тыйым салады. Егер олар бұл ережені бұзса, жұмыстан босатылады. Тыйым борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген адамдарға да қатысты.