Қазақстанда алғашқы АЭС-ке атау беру конкурсы басталды
Фото: Istock.com
25 қыркүйек сағат 12:00-де Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауалнама eGov Mobile мобильді қосымшасында жүргізіледі және оған кез келген қазақстандық азамат қатыса алады. Басты парақшада "АЭС-ке атау ұсыныңыз" баннері орналастырылған, ал пайдаланушыларға конкурстың басталғаны туралы push-хабарлама жіберіледі.
“Бастаманың мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқын көрсететін атау таңдау. Қатысу үшін қазақ немесе орыс тілін таңдап, өз нұсқаңызды ұсынасыз. Атаудың мағынасын қысқаша сипаттап, конкурстың ресми қағидаларымен танысқанын растау керек Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазандағы сағат 23:59-ға дейін жалғасады”, – делінген хабарламада.
Конкурс қағидаларымен атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.
Ұйымдастырушылар барлық азаматты еліміздің энергетика саласының тарихына үлес қосып, Қазақстанның алғашқы АЭС-на атау ұсынуға шақырады.
Еске салайық, 11 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау табуға конкурс өткізуді ұсынған еді.
Комиссия құрамына Алмасадам Сәтқалиев, оның орынбасары Тимур Жәнтікин, мәжіліс пен сенат депутаттары, журналистер, жазушылар, ғалымдар және блогерлер енді.

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақүй салынатынын айтып дабыл қақты
