Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы мереке күндері ауа райы қандай болмақ

«Қазгидромет» РМК алдағы мереке күндері 8-12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазақстанда мереке және демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады. Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен циклон келетіндіктен, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде жауын-шашын түсіп, қатты жел тұруы мүмкін. Ал кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, температура жоғарылайды», – дейді Қазгидромет.

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 8-13-тен 15-20-ға дейін, кей жерлерде 25 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 3-8 градус жылы болады.

Ал Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарына Батыс Сібірден суық және ылғалды ауа массалары келеді. Осыған байланысты қар мен жаңбыр жауып, боран, көктайғақ болады. Сондай-ақ жылдамдығы 15-23 м/с болатын жел тұрып, күн суытуы ықтимал.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандылық 19 жастағы бойжеткен желіде пәктігін саудаға салды

Forbes: Назарбаевтың қызы мен күйеубаласының байлығы артты

Желіде жалаңаштанып ерсі қылығымен танылған қыздың жанкүйерлері пайда бола бастады (видео)

7 пайыздық жаңа тұрғын үй бағдарламасы пәтер құнына әсер ете ме

Талқылау