Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық 19 жастағы бойжеткен желіде пәктігін саудаға салды

19 жастағы қарағандылық бойжеткен Instagram-парақшаларының бірінде пәктігін саудалап, жарнама жазып қойған. Ол қыздығын өте қымбат бағаға сатпақшы екен.

Бұл туралы Social News-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Бойжеткеннің пәктігін алуға бір жігіт 2 мың доллар ұсыныпты. Бірақ қыз бұл соманы азсынып, одан жоғары баға сұрап отыр», – деп жазылған парақшада.

Еш қымсынбаған бойжеткен қыздығын қымбат сомаға сатамын деп отыр. Оның мұндай қадамға баруына тұрмыс жағдайының төмендігі себеп болған көрінеді.

«Қыздығымды сатып, одан түскен ақшаны отбасыма беремін. Әрине, мұным өте ұят, сол үшін аты-жөнімді, өзім туралы деректерді жарияламаймын. Қазір көбіне ресейліктерден ұсыныс жасауда. Бәрі құпия қалады деп сенемін»,  – дейді қыз.

Айта кетейік, бойжеткен пәктігін сатып алатын азаматқа денсаулығы туралы анықтама әкелуді талап еткен. Сондай-ақ жыныстық қатынас уақыты 3 сағаттан аспайтынын айтып, шарттар қойған.

Жіберіп алмаңыз:

Forbes: Назарбаевтың қызы мен күйеубаласының байлығы артты

Желіде жалаңаштанып ерсі қылығымен танылған қыздың жанкүйерлері пайда бола бастады (видео)

7 пайыздық жаңа тұрғын үй бағдарламасы пәтер құнына әсер ете ме

Өскемендік мүгедек қыздың өнері мен өмірге құштарлығы жұртты таңғалдырды

Талқылау