Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы үш күнде 42°С аптап ыстық болады

Unsplash_M. Пхам аптап ыстықФото: Unsplash.com

Қазақстандық синоптиктер алдағы 24-26 күндері оңтүстік өңірлерде күн қатты ысып, ал солтүстік-батысында нөсерлетіп жаңбыр жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәліметтерге сенсек, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон жылжиды, онымен бірге жаңбыр, найзағай болады деп жоспарланып отыр. Республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. 

"Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. 25-26 шілде күндері Алматы облысының батысы мен солтүстігінде өте қатты ыстық – 42°С болады. 24 шілде күні батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста күндізгі ауа температурасы 35-38°С-қа дейін жетеді", – делінген хабарламада.

24-25 шілде күндері республиканың орталығында 35-38°С, оңтүстігінде – 40-42°С, ал 26 шілдеде оңтүстік-шығыста – 35-39°С болмақ.

Бұдан бөлек 25-26 шілдеде шығыста – 35-38°С, 26 шілдеде солтүстікте 35°С ыстық болады деп болжанып отыр.


"Ауаға ұшқан ақша": Оралда аптап ыстықпен күресу тәсілі жұртты қайран қалдырды (видео)


Еуропадағы кондиционерлер аптап ыстыққа әсер етті – Сарапшы


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда екі қаланың тұрғындары аптап ыстық салдарынан жарықсыз қалғанын жаздық. 70-тен аса кабель бұзылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шымкентте де ыстық ауа райына байланысты энергия тұтыну күрт өсіп, жүйеге шамадан тыс жүктеме түсті. Қаланың жартысынан астамы жарықсыз қалып, билік уақытша шектеулерді енгізді. 

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 23 Шілде, 2025 14:40
Талқылау