Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы уақытта жалға берілген үйлерді жекешелендіруге рұқсат берілмек

Сенатор Ләззат Рысбекова алдағы уақытта елімізде сатып алу құқығынсыз жалға берілген үйлерді жекешелендіруге рұқсат беру мәселесі қаралып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сенатор "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды таныстыру кезінде қандай өзгерістер енгізу көзделгенін айтып берді. Сөзінше, заң қабылданса, "Отбасы банк" ұлттық даму институтына айналады. 

"Сонымен қатар қолданыстағы "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы баспананы жекешелендіруге рұқсат беру мәселесі қаралған. Бұдан бөлек тұрғын үйге мұқтаж жандардың кезегін құру және жүргізу, сондай-ақ оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібін жетілдіру тәртібі қаралған", – деді сенатор. 

Ләззат Рысбекованың айтуынша, аталған заң қабылданса, тұрғын үйге мұқтаж жандар кезегінде тұрған азаматтар мен қандастарға табыс көлемі мен есепке тұрған мерзіміне қарамастан мемлекеттік көмек көрсетіледі. Сәйкесінше тұрғын үй кезегінде тұрғандар тіркелген мерзіміне қарай баспанамен қамтамасыз етіледі. 

Сенаторлар аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 


2025 жылы Ораза қашан басталады

Талқылау