Елімізде алдағы демалыс күндері жылы ауа райы сақталады
Қазгидромет 16-18 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағына антициклон әсер етуі жалғасады. Республиканың дерлік барлық аумағында құрғақ, жылы күн райы сақталады. Еліміздің тек батыс бөлігінде ғана циклон әсерінен жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады.
Республиканың батыс, солтүстік-батыс бөлігінде күндіз ауаның температурасы 12-22 градус жылы болса, солтүстік, шығыс және орталығында 13-20 градусқа дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 13-23 градусқа дейін көтеріледі.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған