Қазақстанда ақпан айының соңына дейін утильдік алымдар бойынша жаңа мөлшерлемелер енгізіледі
Экология және геология министрлігі еліміздегі утильдік алым бойынша мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әзірге қазақстандықтар утильдік алымды ескі бағада төлейді. Функциялар “Жасыл даму “ АҚ-ға берілді. Утильдік алымның коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
"Мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітіледі. Жұмыс тобы нәтижелер туралы ақпаратты министрліктің интернет-ресурсында бөліседі. Аталған уақытқа дейін кәдеге жарату алымы "Жасыл Даму" АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленеді", – делінген министрліктің хабарламасында.
Еске салсақ, президент Қасым Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы"ЖШС-не утильдік алымды тоқтату және оған иелік ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?