Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әкімдердің жұмысын бағалау үшін жасанды интеллект іске қосылады

Қазақстанда әкімдердің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізінде әкімдердің рейтингі енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

жасанды интеллект

Фото: Pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкімет отырысында жасанды интеллект отбасылардың әл-ауқаты туралы деректерді талдауға, негізгі проблемаларды анықтауға және әкімдіктерге тапсырмаларды қалыптастыруға көмектесетінін хабарлады.

"Елімізде әкімдердің рейтингіне мониторинг жүргізу функциясы енгізілді. Қазіргі таңда бұл мониторинг республика бойынша, әр облыс, әр ауданда жүргізіліп жатыр", – деді Жақыпова.

Министрдің айтуынша, жүйе әлеуметтік осал топтардан түсетін негізгі өтініштерге талдау жасайды.

"ЖИ әлеуметтік осал санаттардағы азаматтардың өтініштерінің негізгі тақырыптарын таңдайды – бұл сотқа дейінгі іс жүргізу, қоғамдық және жол қауіпсіздігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, жерді пайдалану және сот ісін жүргізу мәселелері. Сондай-ақ жасанды интеллект әкімдер жұмыс істеуі керек мәселелерді анықтайды", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Талқылау