Қазақстандықтар Activ пен Kcell ұялы байланыс операторы жұмысына шағымданып жатыр
5 желтоқсан күні таңертең Kcell және Activ ұялы байланыс операторының қазақстандық пайдаланушылары интернеттің істен шыққанын мәлімдеді. Компания мәліметінше, ақау техникалық себептерге байланысты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Яндекс Карты
Оператор абоненттеріне шағымдар Алматы мен Астанадан түскен. Қазақстандықтардың айтуынша, таңнан бері интернет пен бірқатар қосымша, оның ішінде Kcell қосымшасы жұмыс істемей қалған.
"Тіпті өздеріңіздің қосымшаларыңызға кірмей тұр ғой, не болды өзі", – дейді желі қолданушыларының бірі.
Фото: instagram.com/activ.kz
Instagram желісіндегі Activ ресми парақшасында ұялы байланыс операторы пайдаланушылардың шағымына жауап берді. Оператор мәліметінше, техникалық себептерге байланысты ақау болып жатыр. Мамандар оларды жою үшін жұмыс істеп жатыр.
Фото: instagram.com/activ.kz
"Қазір кейбір қызметтерді көрсетуде уақытша кідіріс болып жатыр", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Кселл, Tele2/Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастағаны туралы жазған едік. Себебі аталған операторлар 2023 жылы тарифтердің бағасын өзара келісіп, көтеріп жіберген