Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 7%-дық ипотекаға 25 миллиард теңге бөлінді: Өтінімдер қашан қабылданады

Фото: freepik.com

1 сәуірден бастап Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша екінші тоқсанға арналған жаңа лимиттер ашылады. Үш айға жалпы 25 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда "7-20-25" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы өз жұмысын жалғастырып келеді. "Крыша" порталының мәліметінше, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап екінші тоқсанға, яғни сәуір-маусым айларына арналған жаңа қаржыландыру лимиті іске қосылады. Осы кезеңге банктерге 25 миллиард теңге бөлінеді. Жалпы 2026 жылға 100 миллиард теңге қарастырылған. Енді әр тоқсанға 25 миллиард теңге бөлініп отырады.

Бағдарлама операторы Қазақстан тұрақтылық қоры. Қазір ипотеканы келесі банктер береді:

  • "Банк ЦентрКредит"
  • Halyk Bank
  • Freedom Bank
  • ForteBank
  • Bank RBK
  • "Еуразиялық банк"
  • Altyn Bank.

Бағдарлама шарттары:

  • мөлшерлеме – 7%
  • бастапқы жарна – кемінде 20%
  • несие мерзімі – 25 жылға дейін
  • соңғы 18 айда өтініш берушінің және жұбайының атына тұрғын үй болмауға тиіс
  • тек жаңа, пайдалануға берілген тұрғын үй сатып алынады (қайталама нарық жарамайды)
  • бағдарламаға тек Қазақстан азаматтары бір рет қана қатыса алады.

Тұрғын үйдің шекті бағасы:

  • Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Шымкент – 30 миллион теңге
  • Қарағанды – 25 миллион теңге
  • басқа өңірлер – 20 миллион теңге.

Айта кетейік, лимиттің ашылуы ипотека алуға кепілдік бермейді. Несие өтінімдері кезек тәртібімен қаралады, сондықтан барлық азамат үлгермеуі мүмкін.



Еске салайық, бұған дейін  “Отбасы банк” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Қазақстанда алдағы жылдары баспана бағасы төмендемейтінін атап өтті. Төмендемеуінің басты себебі – демографиялық өсім дейді ол. 2000 жылдары туған буын қазір баспана алатын жасқа жетіп, нарықта сұранысты арттырып отыр. Сонымен қатар жыл сайын 120-130 мың жаңа отбасының құрылуы да пәтерге деген қажеттілікті күшейтеді.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 31 Наурыз, 2026 13:02