Қазақстанда 5,4 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді: Жаркент пен Текелі тұрғындары жер сілкінісін сезді

31 наурыз күні Қазақстан аумағында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі сағат 11:11-де тіркелген. Жер асты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Алдын ала есеп бойынша, Жетісу облысында сілкініс күші 2 балға дейін жеткен. Тербелістер Жаркент, Текелі қалаларында және Жансүгіров ауылында сезілген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген. Сондай-ақ, 112 нөміріне тұрғындардан ешқандай шақырту түспеген.
- Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
-
Қазақстанда тұрғын үйлерді табиғи апаттардан сақтандыратын бірыңғай мемлекеттік оператор құрылмақ
Еске салайық, бұған дейін осы бастама туралы бұған дейін де жазған едік. Өткен жылы Қазақстанда тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізу жоспарланып отырғаны хабарланған. Жобаға сәйкес, жылдық жарна 1 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болуы мүмкін, ал өтемақы көлемі 10 миллион теңгеге дейін жетеді деп көрсетілген.
Мұнай бағасы 200 доллар болған жағдайда Қазақстан экономикасына не болады