Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 500 компания жекешелендіруге берілмек: Олардың құны 2 триллион теңгеге жуық

компания

Фото: pixabay.com

Елде экономикадағы мемлекеттік үлесті ауқымды түрде қысқарту жоспарланып отыр. Құны 2 триллион теңгеден асатын 500 компанияның тізімі жасалды. Оларды жекешелендіру, IPO/SPO арқылы биржаға шығару немесе қысқарту ұсынылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгінде мемлекет шамамен 6 мың компанияның қызметіне қатысады – балабақшалар мен ауруханалардан бастап ірі ұлттық холдингтерге дейін. Бұл кәсіпорындардың бір бөлігі жеке компаниялар өздігінен дами алатын салаларда жұмыс істейді.

Жалпы, үкімет бірнеше жылдан бері компанияларды жекешелендіруге шығарып келеді. Бәсекелі ортаға 922 миллиард теңгені құрайтын 396 нысан берілді, ал 69 кәсіпорын таратылды немесе қайта құрылды.

Биржаға "ҚазМұнайГаз", KEGOC және Air Astana сияқты ірі компаниялар шықты. Енді 500 компаниядан тұратын жаңа тізім жасалды. Оларды жекешелендіру, биржаға шығару немесе қысқарту жоспарланып отыр.

“Компаниялар отын-энергетика кешені, өнеркәсіп пен индустрия, агроөнеркәсіп, көлік және байланыс, қаржы нарығы және басқа салаларда ұсынылған”, – делінген депутаттық сауалға берілген жауапта. 

“Самұрық-Қазына” қорының бірқатар компанияларын IPO-ға шығару талқылануда. Олардың қатарында "Қазақтелеком", Kcell және Qazaq Green Power бар.

Оптимизация 2026 жылдан 2030 жылға дейін үш кезеңмен жүзеге асады.

“Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға 2026 жылдың соңына дейін мораторий енгізілген”, – деп атап өтті Бектенов. 

Сонымен қатар Мәжіліске демонополизацияны жеделдетуге бағытталған алтыншы антитрестік пакет енгізілді.

Бұл процесс бірнеше мәселені шешуге тиіс:

– мемлекет үлесінің азаюы есебінен экономиканың монополиядан арылуы, жеке сектордың жылдам дамуы;

– активтерді басқарудың тиімділігін арттыру — кейбір мемлекеттік компаниялар қазір тиімсіз немесе шығынмен жұмыс істейді;

– IPO/SPO арқылы инвестиция тарту;

– әділ бәсеке қалыптастыру.

Назархан Уән
Жексенбі, 16 Қараша, 2025 12:50
Талқылау