Қазақстанда 500 адамнан аз ауылдарға апаратын жолдарды асфальттауға шектеу ұсынылды

Көлік министрлігі ауылдарға апаратын, халқы аз немесе көлік қозғалысы төмен елді мекендер жолдарын асфальттауға уақытша шектеу енгізуді ұсынып отыр. Тиісті жоба қоғамдық талқылауға ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрлігі тиісті жоба дайындады. Құжат "Ашық НҚА" порталында орналастырылған. Онда бұйрыққа сәйкес, кірме автомобиль жолдарын жоспарлау, салу, қайта жаңғырту және жөндеу кезінде асфальтбетон және цементбетон жабындарын қолдануға уақытша шектеулер енгізілетіні көрсетілген.
Талап халық саны 500 адамнан аз елді мекендерге апаратын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға немесе тәулігіне орташа қозғалыс қарқындылығы 500 автокөліктен аз болатын жолдарға қатысты.
Сонымен қатар тәсіл стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар нысандарға, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, тіршілікті қамтамасыз ету және қауіпсіздік объектілеріне апаратын жолдарға қолданылмайды.
Ол халықаралық және өңіраралық көлік дәліздері шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға, қолданыстағы нормативтік талаптар сақталған жағдайда бюджеттен тыс қаржыландырылатын нысандарға таралмайды.
Жобаны қоғамдық талқылау осы жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. Егер бұйрық қабылданса, ол 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
- Маңғыстауда тұрғын үйлердің ауласын еріген қар суы басып қалды
-
Жетісу облысында тұрғындар ағаштар жаппай оталып жатқанын айтып, дабыл қақты
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ауылдардың арасындағы жолдарға асфальт төсеуге тыйым салынатынын жазған едік. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, Қазақстанда ауылдар мен шағын елді мекендерді жалғайтын жолдардың ұзындығы шамамен 35 мың шақырым болады. Оның сөзінше, асфальт жол қиыршықтас жолға қарағанда 6-10 есе қымбат болғандықтан, әкімдіктер көбіне қымбат жобаларды бастап, қаржы жетпей аяқтай алмайды. Сондықтан министрлік барлық ауылдарды қамту үшін асфальттың орнына сапалы қиыршықтас жолдар салуды ұсынған.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады