Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер 18-20 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстік облыстарына оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі. Ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша, республиканың оңтүстік облыстарында 35-40°С, кей жерлерде 45°С қатты ыстық сақталады.
Ал еліміздің солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауының әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ыстық басылады деп күтіледі.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты