AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 3 университеттің аккредитациясы қайтарып алынды

Қазақстанда үш университеттің білім беру қызметіне аккредитациясы қайтарып алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аккредитация

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Орталық Азия университеті, "Астана" университеті және Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінің аккредитациялары кері қайтарылған.

“Себебі бұл жоғары оқу орындары білім беру сапасының аккредиттеу стандарттарын сақтамаған. Осыған байланысты Тәуелсіз қазақстандық аккредиттеу орталығы мен Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі аталған жоғары оқу орындарының аккредитациясын қайтарып алды. Енді бұл университеттер жоғары білім туралы құжаттарды бере алмайды, сонымен қатар студенттерді де қабылдауға құқығы жоқ", – делінген хабарламада.

Министрлік "Астана" университеті мен Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінде бұдан бұрын да аккредитациялау барысында қиындықтар болғанын жеткізді.

"Біз осы университеттермен соттасып жүргенімізге бір жылдан асты. Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты қазір оларды бас лицензиядан айыру шаралары қабылданып жатыр. Соңғы үшінші тексеру қалды. Осы жоғары оқу орындарының студенттері, ата-аналар мен оқытушыларынан шағымдар түскенін айта кеткен жөн. Олар білім сапасының жоқтығы, оқытушылар мен ғылыми жетекшілердің жетіспеушілігі, сондай-ақ дипломның уақытылы берілмеуіне шағымданды. Енді диплом алу үшін студенттер басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады. Ол үшін біз ЖОО қызметінің үлгілік қағидасына өзгеріс пен толықтырулар енгіздік", – дейді министрліктен.


Қазақстанда тағы бір университет жабылды


Министрліктің мәліметінше, талапкерлер бұл оқу орындарына грантқа түсе алмайды, ал түлектер диплом алмайды. Мұндай жағдайда студенттер тек басқа университеттерге ауысу арқылы ғана тығырықтан шыға алады.

"Аталған жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың саны осы уақыт ішінде айтарлықтай төмендеді. Ұлттық білім беру деректор қорының ақпаратына сәйкес, Орталық Азия университетіндегі биылғы оқу жылындағы студенттердің саны 3 070-тен 636-ға дейін, "Астана" университетінде – 1 162-ден 480-ге дейін, Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінде – 1 207-ден 398-ге дейін азайған", – деді Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Комитет түлектер мен жұмыс берушілерге ЖОО-ның өзіндік үлгідегі дипломдардың сериясы, нөмірі және QR коды болатынын назар аударуын сұрады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр