Қазақстанда 25 жыл мал баққан азаматтардың зейнет жасын төмендету ұсынылды
Қазақстанда 25 жыл бойы мал баққан адамдарды әскери қызметкерлермен теңестіріп, зейнетке ерте шығару ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шаруа адамы, оның ішінде малшылардың жұмысы ауыр екенін ескеріп, мал өсіретін азаматтардың мәртебесін көтеру бойынша бірнеше ұсыныстар көтерілді. Соның ішінде малшыны жылына бір рет жанұясымен бірге тегін медициналық қызметтерден өткізіп, шипажайға демалуға жіберу де бар. Одан бөлек ауыл мен аудан орталықтарында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіп, балаларын балабақшаға орналастыру ұсынылды.
Сондай-ақ балалары жоғарғы оқу орнына түсер кезде арнайы гранттар бөлу және ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде жеңілдіктер жасау туралы бастама бар. Ал жыл сайын әр өңірден білікті шаруалар мен малшыларды анықтап, президенттің қолынан "Еңбек ері" атағын берген де дұрыс дейді. Бұл мәселелерді Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров премьер-министр Әлихан Смайловқа жолдаған депутаттық сауалда көтерді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан