Жүк көліктері мен автобустарға арналған утиль алым мөлшері
Жүк көліктері үшін негізгі фактор – жалпы салмағы. Төлем мөлшері мынадай аралықта белгіленген:
-
2,5 тоннаға дейін — 757 мың теңге;
-
20 тоннадан жоғары — 4,43 миллион теңге.
Ершікті автомобиль-тартқыштар жеке санатқа бөлініп, олар үшін утиль алым мөлшері 2,37 миллион теңгеден асады. Ал автобустар үшін төлем көлемі 865 мың теңгеден 2,9 миллион теңгеге дейін өзгереді.
2026 жылы утильсборды қалай рәсімдеуге болады
Өтінім Recycle.kz порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, онлайн түрде беріледі. Утиль алымды кідіріссіз қабылдау үшін қажетті құжаттар пакетін алдын ала дайындаған жөн:
-
ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден әкелінген көліктер үшін: кедендік декларацияның көшірмесі, шекарадан өткені туралы талон, Көлік құралының қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы сертификат немесе Көлік құралының типін мақұлдау туралы куәлік. Қосымша ретінде инвойс пен Халықаралық автомобиль жүк тасымалына арналған жүкқұжатары (CMR) сұралуы мүмкін.
-
ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) әкелінген көліктер үшін: Көлік құралының паспорты немесе Көлік құралының тіркеу куәлігі сканер нұсқалары, Көлік құралының қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы сертификат немесе Көлік құралының типін мақұлдау туралы куәлік, қабылдау-тапсыру актісі және VIN-нөмірі көрсетілген көлік жүкқұжаты.
“Жасыл даму” мамандары өтінімдерді бір жұмыс күні ішінде қарайды. Құжаттардағы кез келген қате өтінімді кері қайтарылуы мүмкін. Тәжірибелі импорттаушылар төлемді екінші деңгейлі банктердің кассалары арқылы жасауға кеңес береді. Бұл онлайн аударымдарға қарағанда жылдам әрі сенімдірек.
Бұған дейін 2026 жылдан бастап айыппұлдар мен утиль алымының мөлшері туралы жазған едік.
