Қазақстанда 2026 жылға арналған жаңа айлық есептік көрсеткіш мөлшері бекітілді
Фото: istockphoto.com
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін парламент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады.
Жаңа бюджет жобасына сәйкес:
- ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз);
- ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы 62 771 теңге);
- ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге (2025 жылы 32 360 теңге);
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы 3932 теңге);
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру шекті сома – 50 851 теңге (2025 жылы 46 228 теңге).
2026 жылы қазақстандықтар жиі төлейтін айыппұлдар көлемі өседі
2026 жылы Қазақстанда жалақы мен зейнетақы қандай болады
Айта кетейік, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – айыппұлдарды, жәрдемақыларды, салықтарды, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді есептеу үшін мемлекет қолданатын белгіленген сома. Бұл әр төлем мен айыппұлды жеке есептемей, бір көрсеткішпен есептеу үшін қажет.
Бұған дейін, сенат 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарған еді.
26 қараша күні мәжіліс сенат депутаттарының түзетулерімен келісті. Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң президенттің қол қоюына жіберіледі. Заң 2026 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды