Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1 наурыздан бастап жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Қазақстанда көктемгі кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарды сақтау мақсатында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, 2025 жылғы 1 наурыздан 1 сәуірге дейін жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық көліктерге "бесінші жол климаттық аймаққа" жататын келесі облыстарда жүруге тыйым салынады:

• Алматы облысы

• Атырау облысы

• Жамбыл облысы

• Ұлытау облысы

• Қызылорда облысы

• Маңғыстау облысы

• Жетісу облысы

• Түркістан облысы


Мас күйде көлік жүргізгендерге жазаны жеңілдету: Ішкі істер министрлігі ұсынысқа қарсы шықты


Алайда халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге, гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге, жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге бұл шектеулер қойылмайды.

Еске салсақ, осыған дейін Алматының кей бөлігіне ескі автокөліктермен кіруге шектеу енгізу ұсынылған еді.

Талқылау