Қазақстанда 2024 жылы 19 қылмыстық топ әшкере болды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық және аймақтық қылмыстық топтармен жыл бойы қалай күрескенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
2024 жылы ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, 19 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескені хабарланды.
"Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 жетекшісі мен белсенді қатысушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитеті.
98 адам кісі өлтіру, тонау, бопсалау, зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарды жасады деген күдікпен ұсталды. Оның ішінде шетелдік қылмыстық жетекшілердің сыбайластары бар. Оның 40-ы сотталды, қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Шетелдіктер елімізде тұру үшін тапсыратын қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: Ыхтиярхат ала алар ма едіңіз, тексеріп көріңіз
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады