Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев 2017 жылы зейнетақы мөлшерін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке келесі жылы зейнетақыны 20 пайызға арттыруды тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

цй1

Фото: profi-forex.org

“Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында келесі жылы зейнетақы мөлшерін 20 пайызға арттыруды үкіметке тапсырамын”, – деді Назарбаев.

Бұл өсім президенттің айтуынша, 2 млн 200 мың қазақстандыққа пайдасын тигізеді. Елбасы әлемдік экономикалық дағдарыстарға қарамастан мемлекеттік барлық жылдарда әлеуметтік салаға көп көңіл бөлгенін атап өтті.

“25 жыл ішінде әлеуметтік шығындар 26 миллионнан 4,8 трлн теңгеге дейін өсті. Есептеп шыққанда 180 мың рет, бұл ел бюджетінің 46 пайызы. Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыра түсеміз”, – деді президент.

Оқи отырыңыз:

2017 жылы бала туғанда берілетін жәрдемақы көлемі артатын болды

Тәуелсіздік күніне орай үлестіріліп жатқан сыйақы тұрғындардың бәріне бірдей бұйырмайтын болды

Шымкентте тазалаушы жұмысшылар өзен ішінен әйел адамның денесін тауып алды

Қазақстандықтар тұрмысы төмен жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр

Талқылау