Қазақстанда 19 жылу электр орталығы апатты жағдайда тұр
Қазақстанда 19 жылу электр орталығы қызыл аймақта тұр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-Министрдің жауабына қосымша ұсынылған анықтамаға сәйкес, тәуекел аймағына мына қалалардағы ЖЭО-лар кіреді:
Арқалық – 1, Кентау – 1, Қызылорда – 1, Орал – 1, Степногорск – 1, Теміртау – 2, Павлодар – 1, Ақтау – 1, Шахтинск – 1, Риддер – 1, Рудный - 1, Балқаш - 1, Жезқазған - 1, Өскемен - 1, Петропавл – 1, Семей – 1, Екібастұз – 1, Тараз – 1; сары тәуекел аймағындағылар: Алматы – 2, Павлодар – 1, Ақтау – 1, Қарағанды - 2, Текелі – 1, Шымкент – 1, Қостанай – 1, Атырау – 1; жасыл тәуекел аймағындағылар Алматы – 1, Орал – 1, Павлодар – 1, Астана – 1, Ақтөбе – 1, Астана – 1.