Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге әлеуметтік желіні қолдану тыйым салынбайтын болды

әлеуметтік желі 16 жасқа дейін тыйым салынбайдыФото: elements.envato.com

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенаттағы журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді қолдануды тию жоспарланып отырған жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министрге Аустралия тәжірибесі еске салынды, онда балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігі шектелген.

"Жоқ, қазір бұл мәселе біздің күн тәртібімізде жоқ. Себебін түсіндірейін: егер TikTok туралы айтсақ, онда бұл платформаның алгоритмдері 16 жасқа дейінгі балаларды қолданудан шектеуге бағытталған. Қазір Қазақстандағы өкілдік арқылы мұндай жағдайлар анықталған кезде жылдам шаралар қабылданып жатыр", – деді Евгений Кочетов.

Оның сөзінше, басқа онлайн-платформаларға қатысты бұл мәселе әлі қарастырылып жатқан жоқ және күн тәртібінде тұрған жоқ.

Әлеуметтік желілерге тыйым салынуы, премьердің отставкасы: Непалда "Z ұрпақ" үкіметті не себепті құлатты

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілердің зиянын азайту үшін жас шектеуін енгізу мәселесін көтерген еді. Деректерге сәйкес, 88% балада смартфон бар, көпшілігі TikTok, YouTube және Instagram-ды белсенді қолданады. 

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 16:06