Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 10 жол учаскесі жабылды: Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырды

Қазастанның 5 облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар 10 жол учаскесі жабылып, қозғалыс шектелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қазавтожолдың дерегі бойынша, жолдар Актөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл және Түркістан облыстарында жабылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында 8 (7172) 70-41-14 нөмірі бойынша және Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8(7162) 52-09-50 нөмірі бойынша тегін желі телефоны ашылды.

Төтенше ескертулер мен ауа райының бұзылуы кезінде министрлік мына ұсыныстарға назар аударуды сұрайды: 

  • ұзақ сапарлардан аулақ болу;
  • ауыл тұрғындарына ұзақ жаяу сапарлардан және елді мекендерден тыс шығудан бас тарту;
  • жолдар жабылған жерлерде көлік құралдарының тығыздығын тудырмау;
  • мүмкіндік болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол жиегіндегі кафелерде болу.


Еске салайық, бұған дейін Астанада боранның кесірінен бастауыш оқушылары қашықтан оқитынын жаздық. Астананың білім басқармасы 7 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқуға көшетінін ескертті.

Талқылау