Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр энергиясы қымбаттайды
Фото: pixabay.com
Қазақстанда электр энергиясының тарифтері 1 тамыздан бастап көтеріледі. Аймақ пен қызмет көрсететін компанияға байланысты баға екі теңгеден асатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тарифтердің өсуі туралы Энергетика министрінің тиісті бұйрығы жарияланған. Telegram-дағы "Юрист ПАРАГРАФ" арнасының жазуынша, бұл құжатқа сәйкес, электр энергиясын сату қызметін көрсететін бірқатар компанияда тарифтер өседі.
Мысалы, құжатта былай делінген:
"63-энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін тариф 1 кВт*сағ үшін 44,02 теңге көлемінде белгіленді".
Жаңа тарифтер мынадай:
- Жамбылская ГРЭС им. Т.И. Батурова – қазіргі тариф 22,58 теңге болса, 1 тамыздан бастап 23,25 теңге болады.
- Ақтөбе ЖЭО – 17,54 теңгеден 18,19 теңгеге көтеріледі.
- "Жайыктеплоэнерго" АҚ – 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге өседі.
- МАЭК-Қазатомөндіріс – тариф 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге өзгереді.
- "Кристалл Менеджмент" АҚ – 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге көтеріледі.
- "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС – тариф 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге дейін өседі.
- "З-Энергоорталық" – қазіргі тариф 16,77 теңге, ал 1 тамыздан бастап 18,46 теңге болады.
- "Қызылорда жылу электр орталығы" – 12,1 теңгеден 13,13 теңгеге көтеріледі.
- "Батыс Пауэр" ЖШС – 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге дейін өседі.
- "Karabatan Utility Solutions" ЖШС – тариф 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге көтеріледі.
- "ӨзенМұнайПром" ЖШС – 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге дейін өседі.
- "ТНК Казхром" АҚ – қазіргі тариф 10,67 теңге, жаңа тариф – 11,65 теңге.
- "ССГПО" АҚ – 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге аз ғана өсім болады.
Яғни, тарифтер электрмен жабдықтау қызметін көрсететін компанияларда көтеріледі. Бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін бағаның өсуіне алып келеді.
Бұған дейін ақылы қызметтер биылғы бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі себебі болған еді. Көрсеткіш 16,1%-ға жетті.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"