Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1 маусым ресми демалыс күні бола ма: Министр жауап берді

Фото: istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев Қазақстанда тағы бір демалыс күні пайда болу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сенатта журналистер еңбек министрінеy “1 маусым демалыс күні бола ма” деп сұрады.

“Биыл бұл мәселені көтеру жоспарда жоқ. Ол бірнеше министрліктермен бірлескен позиция қалыптасқаннан кейін, мүмкін, келесі жылы қарастырылады. Қазір бұл мәселе күн тәртібінен алынып тасталған”, – деді министр.

Министр қосымша демалыс күндері туралы мәселелердің жиі көтерілетінін атап өтті. 

“Бұл күн демалыс күні ретінде белгілене ме, дәл айту қиын, бірақ ол талқыланатын болады”, – деп атап өтті Асқарбек Ертаев.

Қазақстандықтар медициналық тексерістерден өту үшін ақылы демалыс ала алады


Министрдің айтуынша, демалыс күнін енгізуге тікелей кедергілер жоқ, бірақ кез келген қосымша демалыс күндері жұмыс берушілерге қосымша жүктеме тудырады.

“Бұл әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілермен талқыланады. Кез келген демалыс күні – қосымша сыйақылар мен есептеулерді қажет етеді. Егер бәрі келіссе және есептеулер ашық болса, онда шара қолдауға ие болады”, – деп қосты министр.

Еске салсақ, бұған дейін референдумда қабылданған Конституция күшіне енгеннен кейін  15 наурыз Қазақстанда мемлекеттік мереке және ресми демалыс күніне айналатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 21:16