Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады
Қазақстанда А корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту жөнінде ұсыныс дайындалды.
Сурет: tengrinews.kz
Қазақстанда А корпусы басқару органдарындағы қызметкерлердің санын қысқартуы мүмкін, деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
Владимир ФедоренкоНазарбаев шенеуніктер саны туралы: өздігінен көбеюі таңқаларлық “Талай жылғы жинаған тәжірибемізді ескеріп, А корпусы басқару органдарының қызметкерлері институтын жетілдіруге тиіспіз.
Президент әкімшілігімен бірігіп, мемлекет басшысына берілетін концептуалдық ұсыныс әзірлеп қойдық. Ол А корпусындағы лауазымдарды, жауапты хатшыларды, комитет төрағалары мен өңір орталықтарындағы аппараттардың басшыларын, қала және аудан әкімдерін қысқартуға байланысты”, — деп мәлімдеді Қожамжаров 2016 жылдың қорытындысы бойынша өткен агенттік коллегиясының отырысында.
Оның айтуынша, мұндай жұмыс орындарына жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі мол басқа қызметкерлер тікелей конкурс арқылы келе алады.