"Қазақстан жоқ": 1922 жылы шыққан мемлекеттер картасы көпті таң қалдырды
Танымал американдық Reddit сайтында 1922 жылы Лондонда жасалған әлем картасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жазбаға пікір қалдырған пайдаланушыларды сол уақыттан бері көптеген өзгерістер болғаны таң қалдырды. Атап айтқанда, олар қазіргі уақытта мемлекеттер картасына енгізілген көптеген атаулар жоқ екенін, ал сол кездегі атаулар қазіргі атаулардан ерекшеленетінін байқаған.
Айта кетейік, қазіргі Қазақстанның аумағы картада KIRGHIZ REPUB деп белгіленген, ал Қазақстанның оңтүстігі қазіргі Қырғызстан мен Өзбекстанның бөлігіне кіріп, TURKSTAN деп көрсетілген.
Гавайи Сандвич аралдары ретінде көрсетілген. "Сандвич" деп ағылшын теңізшісі Джеймс Кук атаған.
Тағы бір мысал - Британдық Үндістан. Сол уақытта Британ империясының колониясының аумағы қазіргі Үндістан, Пәкістан, Бангладеш және Мьянма аумақтарын қамтыды.
Сонымен қатар, Корея бір мемлекет ретінде көрсетілген, Иордания әлі болмаған (оның аумағы сол кезде Палестинаға кірді), ал Югославия, керісінше, картада бар.
Араб түбегінде Хиджаз бөлек белгіленген. Хиджаз - ислам пайда болған тарихи орын болып саналатын аумақ, онда мұсылмандардың қасиетті Мекке мен Медина қалалары орналасқан. Қазіргі уақытта бұл Сауд Арабиясының бөлігі.