Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан және Өзбекстан боксшылары бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр

Қазақстан және Өзбекстан боксшылары бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырФото:ҚБФ

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатына дайындықты бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байрақты бәсекеге арналған оқу-жаттығу жиыны Түркістан облысындағы "Алматау" спорт базасында өтіп жатыр.

Дайындыққа бес елдің боксшылары қатысуда. 

Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия және Германия елдерінің спортшылары бірлескен жаттығу жиынын өткізуде.


Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына соңғы дайындықтарын пысықтады


 

Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырған өзбекстандық файтер үш жылға түрмеге қамалды


Сондай-ақ аталған жиынға Олимпиада және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері де қатысып жатыр.

World Boxing ұйымдастыруымен өтетін алғашқы Азия чемпионаты 2026 турнирі 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтеді.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 16:15