Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан және әлем тұрғындары Telegram-да ақау пайда болғанын айтып, шағымданды

Фото: DenPhotos/Shutterstock

Пайдаланушылар Telegram жұмысында ақау пайда болғанын айтып жатыр. Мұндай мәселе әлемнің әртүрлі бөліктерінде, соның ішінде Қазақстанда да байқалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Downdetector деректеріне сәйкес, 12 наурыз  түстен кейін Telegram қолданушылары сервис жұмысына қатысты көптеп шағымдана бастады. Ақау Қазақстан, Германия, Нидерланды, АҚШ, Өзбекстан, Украина және Польшада тіркелген. Ресейде де сервис жұмысының баяулауы байқалған.

Пайдаланушылар чаттарды жүктеуде, хабарлама жіберуде мәселе туғанын айтты. Сонымен қатар Telegram-арнаға немесе топқа жазба салу мүмкін емес екенін хабарлаған. 

Скрин: Downdetector

Көпшілігі мобильді қосымшада ақау пайда болғанын айтқан. Кейбір қолданушылар компьютерлік нұсқаның қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтты. 

Detector404 ресурсының мәліметінше, мыңдаған қолданушы Telegram-ге қосылуда қиындықтар туғанын хабарлаған. Айта кетейік, ақау 11 наурызда да болған. Алайда ол кезде бүгінгідей көп шағым түспеген. 

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 12 Наурыз, 2026 16:11