Қазақстан ЮНЕСКО орталығына қатысты келісімді ратификациялады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының үкіметі мен білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциология орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Тоқаев "ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу" туралы заңды мақұлдады
Аталған келісім тау мұздықтарын, қар жамылғысын және тоңды зерттеу саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуді, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында олардың өңірдің су ресурстарына әсерін бағалауды көздейді.
Еске салсақ, осыған дейін Тоқаев никаб, балаклава және маскаға тыйым салатын заңға қол қойған еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан