"Қазақстан темір жолы" филиалының басшысы сотталды
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот "Қазақстан темір жолы" АҚ филиалы "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының" директоры Амринға қатысты сот үкімін шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚТЖ
Сот шешіміне сәйкес, Амрин өзінің билігін асыра пайдаланып, мемлекетке 21 миллион теңге көлемінде залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол өз танысын жалған инженер етіп жұмысқа орналастырған және оған заңсыз жалақы төлеу арқылы мемлекет қаржысын ысырап еткені белгілі болды. Бұл қаражат жеке тұрғын үйінің құрылыс жұмыстарымен айналысқан адамға төленген.
Сот үкімі бойынша, Амрин мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды және 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Қазақстан темір жолының еншілес ұйымында директор 50 мың долларға басшылық қызметті сатқанын жазғанбыз.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”