Қазақстан спортшылары батуттағы гимнастикадан Әлем кубогында жүлде алды
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан гимнастикадан Әлем кубогында қазақстандық спортшылар күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Батуттағы гимнастика бағдарлама бойынша сынға түскен қазақстандық жұп Даниил Мұсабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруден ел қоржынына күміс жүлдені салды.
Бұл сайыста алтын жүлдені Жапония құрамасы иеленді. Үздік үштікті Мексика спортшылары түйіндеді.
Бұған дейін, Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында қазақстандық гимнаст Милад Карими де алған жүлдені еншілеген еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

