Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым ел арасында Қазақстан соғысқа дайындалып жатыр деп тараған сыбысқа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол халық арасында елдің әскери әрекеттерге дайындалып жатқаны туралы тараған әңгімелер мен сыбыстарды жоққа шығарды.

"Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ. Конституцияның бәрі Қазақстанды, ел мен қоғамды ішкі және сыртқы қақтығыстардан қорғау үшін жазылған", – деп атап өтті депутат.

Журналистер депутаттан соңғы уақытта халық арасында жалған ақпарат тарату туралы ойын да сұрай кетті. Депутаттың айтуынша, егер адам құжаттарды оқымай, оларға жалған сипат берсе, бұл ашық фейк болып саналады.



"Заңда нормалар, айыппұлдар, қамау шаралары бар. Заңдағы ережелер қолданылуы керек. Әйтпесе оларға сол әрекеттері үшін орден бермейтін шығармыз", – деді Айдос Сарым.

Оның пікірінше, мұндай жағдайда заң жұмыс істеуі тиіс. Бірақ нақты фейктерді қарапайым пікір білдіруден ажырату маңызды.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Ақпан, 2026 13:22