Қазақстан шоу-бизнесіне жаңа әнші қосылды
Соңғы жылдары елімізде шашын түрлі түске бояп, өзгеше стильде ән айтатындар көбейген. Енді олардың қатарын тағы бір әнші толықтырмақ.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұрын “Перцы” тобында ән салып, кейіннен продюсерлікке бет бұрған Ерлан Әлімов жаңа жобасын таныстырды.
“Зируза – отандық шоу-бизнестегі жаңа есім. Біз жұмысты бастаймыз. Алда бізді ұзақ әрі өнімді еңбек жолы күтіп тұр деп сенемін. Барлығы енді басталуда. Бізге сәттілік тілеймін. Жақында жаңа әндер мен қызықтар күтіңіздер”, – деп жазады Әлімов.
Зируза есімді талантты қызды Әлімовке жұбайы тауып берген.
“Зирузаны ғаламтордан менің жұбайым Сабоня тапты, біз бірге жұмыс істейміз деп шештік. Маған көмек көрсеткенің үшін рахмет саған, жаным. Қазір көз алдарыңызда көріп тұрғандарыңыздың бәрі Сабоняның арқасы. Шаштың мына түсі мен фотограф Бауыржанды да Сабоняның өзі тапты”, – деп түсіндірді продюсер.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Қытай халқын Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесіне шақырды
Көрші баладан ұялып отырған Майғазиевтің қызы көпшілікті сүйсінтті (фото)
Роза Рымбаева енді актрисалық қырымен танылмақ
Айқын Төлепберген: Өзімді Мэрилин Монроға жегізе салар едім